$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер әр облысқа арналған ауа райы болжамын жасады

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайда Azattyq Rýhy.

Астанада қар жауып, бұрқасын болады.

Алматыда кей жерлерде көктайғақ болады. Кешке тұман түседі.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кейде тұман.

Абай облысында қар жауып, боран соғады, күндіз оңтүстік пен шығыс бөлігінде қалың қар жауады. Жел екпіні: 23 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз кей жерлерде қалың қар жауады. Облыстың солтүстік, оңтүстік бөліктерінде, таулы аймақтарында көктайғақ болып, кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні: 15-20 м/с.

Атырау облысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Жел екпіні: 15-20 м/с.

Жамбыл облысында қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар жауады. Жел екпіні: 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар, кей жерлерде қалың қар күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні: 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ байқалады.

Қарағанды ​​облысында түнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні: 18 м/с.

Павлодар облысында қар жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын болады. Жел екпіні: 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауады, облыстың оңтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ болып, күндіз аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Жел екпіні: 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және оған жақын аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел екпіні: 15-20 м/с.

Ұлытау өңірінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) және бұрқасын күтіледі.

Серіктес жаңалықтары