30.01.2025, 06:47
Жаңалықтар
«Қайрат» футболшылары жолдастық кездесуде қарсыласымен төбелесіп қалды (ВИДЕО)
Даудың басы неден басталғаны белгілі болды
Фото: Видеодан скрин
Алматының «Қайрат» футбол командасы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, Боснияның чемпионы «Борац» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Есеп 0:0 күйінде қалып, қос команда тең тарқасты. Бір айта кетерлігі, «Борац» командасы кездесудің соңында пенальтиді орындай алмай қалды.
Төрешінің ысқырығы естілгеннен кейін қос команданың ойыншылары жаппай төбелесті. Даудың басы «Қайрат» ойыншысының басымен қарсыласының бетінен ұрып жібергенінен басталған.
Айта кетейік, «Борац» – Босния және Герцоговинаның қазіргі чемпионы.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
