30.01.2025, 00:07
Жаңалықтар
Бұрынғы вице-министр Шымкенттегі ЖОО-ға ректор болып тағайындалды
Ол бүгінге дейін ғылым және жоғары білім вице-министрі болған
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым және жоғары білім вице-министрі болған Дархан Ахмед-Заки М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік тағайындауға қатысты арнайы хабарлама таратты.
Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: техника ғылымдарының докторы, профессор
- Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.
- 2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.
- 2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.
- 2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.
- 2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.
- 2016-2017 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
- 2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.
- 2020 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы қазанға дейін Astana IT University ректоры.
- 2022 жылғы қарашадан бастап Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.
- 2023 жылғы қыркүйектен бастап Ғылым және жоғары білім вице-министрі.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
14.11.2025, 12:53
Есірткі қолданып, көлік жүргізуден шеттетілген: Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды (ВИДЕО)
14.11.2025, 18:06
Қазақстанда биылғы қыста ауа райы қандай болады: алдағы бірнеше айға арналған болжам жарияланды
14.11.2025, 15:18
Шымкентте ер адам қымбат көлігін көпқабатты үйдің үстіне кранмен шығарып, дрифт жасады (ВИДЕО)
14.11.2025, 10:10
Астанадағы StandupAstana әзіл кешінің соңы дауға ұласты
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады
Редактордың таңдауы
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады