28.01.2025, 23:24
Жаңалықтар
Таразда сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)
Жалған ақпарат таратқан адам іздестіріліп жатыр
Фото: istockphoto.com
Таразда сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның хабарлауынша, ҚР ІІМ-нің электрондық поштасына Тараздың сауда орталықтарының біріне жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түскен.
«Шұғыл түрде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері, оның ішінде арнайы жедел әрекет ету жасағы мен иттері бар кинологтар ғимаратты тексерді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - деп хабарлады полиция.
Тәртіп сақшылары IP мекенжайы бойынша жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтайтын болады.
«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді ведомство.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды