«263 млн теңге»: Шымкентте аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған адам сотты болды
Ол сенімсіз жеткізушілермен формальді мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталып отыр
Шымкентте аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған адам анықталып, оның ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллион теңгеден астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды.
«Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару).
«A» ЖШС-ның басшысы сенімсіз жеткізушілермен формальді мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталуда.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды», - делінген хабарламада.