28.01.2025, 09:54
Жаңалықтар
Қазақстанның бес облысында жүргізушілерге ескерту жасалды
Ауа райы нашарлап, көріну мүмкіндігі төмендейді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның бес облысында ауа райының нашарлауына және жолдың көріну мүмкіндігіне қатысты жүргізушілерге ескерту берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша, 28 қаңтарда Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында кей жерлерде қар жауады.
«Осыған байланысты жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Жолдардың жай-күйі мен жабылу мүмкіндігі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
