СҚО-да үш мыңнан астам жүргізуші рульде отырып, телефонмен сөйлескені үшін жазаланды
Полиция облыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
СҚО-да өткен жылы 3 мыңға жуық жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, қаңтар айының бір күнінде Астана мен Интернациональная көшелерінің қиылысында (Петропавлдағы қозғалысы көп көше қиылыстарының бірі) полицейлер бейнекамералар арқылы 12 минут ішінде осындай үш бұзушылықты анықтады. Жүргізушілер алысқа ұзамай бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, шамамен әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзғандықтан болады. Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану да апаттылыққа тікелей әсер етеді.
«Полицейлер осындай құқық бұзушылықтарды заманауи техникалық құралдармен анықтауды алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Өткен жылы СҚО-да көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану деректері бойынша полицейлер 2921 хаттама толтырды», - делінген ПД хабарламасында.