$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

Мұғалім жұмысынан шығарылды

Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға №26 орта мектепте тіркелген. Математика пәні мұғалімі тақтада тұрған оқушының жанынан өтіп бара жатып, оны белгісіз затпен нұқып кеткен.

Педагогтің әрекеті бейнебақылау камераларына тіркеліп, кейін әлеуметтік желіге тарады. 

Дегенмен мектеп медбикесі баланың денесінде ешқандай белгі жоқ екенін айтқан. Оқушыны жедел жәрдем бригадасы да тексеріп, ешқандай жарақат алмағанын анықтаған.

«Педагог өз әрекетіне өкініп, баланың ата-анасынан кешірім сұрады», - деп қосты білім бөлімінен.

Қазіргі уақытта мұғалім жұмыстан шығарылды. Аталған істі білім бөлімі мен полиция бақылауға алды.

Серіктес жаңалықтары