$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз ойнадық»: Атыраудағы жетімдер үйінде соққыға жығылған бала видеоға қатысты пікір білдірді

Бұл оқиға жаз мезгілінде болғаны айтылды

«Біз ойнадық»: Атыраудағы жетімдер үйінде соққыға жығылған бала видеоға қатысты пікір білдірді
Фото: Видеодан скрин

27 қаңтар күні әлеуметтік желіде Атырау облыстық «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде түсірілген видео тарады. Онда ер адам 15 жастағы баланы ұрып-соққанын байқауға болады. Аталған видеоға қатысты баланың өзі пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы бойынша балалар омбудсмені Айжан Сәрсембайқызы видео жарияланған соң «Шаңырақ» балалар үйіне барып, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен. Мекемеге кірген сәтте ол видеодағы ер адам мен баланы кездестірген. 

Жасөспірімнің айтуынша, ер адам өзін ұрмаған. Ал видео жаз мезгілінде түсірілген.

«Бұл жазда болған жағдай. Ол мені ұрған жоқ, біз ойнадық. Мен оны «Гитлер», «фашист» деп келемеждедім. Бірақ «фашист» сөзінің мағынасын білмедім. Осы сөз оның көңіліне тиіп кетті. Ол аяқ киімді алып, осылай ойнады», - деді жасөспірім.

Полиция аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиға орны мен облыстық білім беру басқармасына комиссия жіберілді.

Серіктес жаңалықтары