$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2019, 11:38
Жаңалықтар

Жол сапасы бойынша аутсайдер облыс - БҚО

Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың 71,3 пайызы жөндеуді талап етеді. Бұл – 2018 жылғы жағдай бойынша ел облыстары арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды

Жол сапасы бойынша аутсайдер облыс - БҚО
zakon.kz

БҚО-дағы жергілікті маңызға ие автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5,1 мың шақырымды құрайды. Оның тек 28,7%-ы эксплуатациялық талаптарға сай.

Ал еліміздегі ең жақсы жолдар Маңғыстау облысына тиесілі. Мұнда облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 92%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы жергілікті жол желісінің ұзындығы 1,4 мың шақырымды құрайды. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығынан 4 есе кем.

Айта кетейік, «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР ИИДМ бір жылда Қазақстан өңірлеріндегі жолдардың 5 мыңға дейінгі шақырымына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары