$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында азық-түлік дәмдеуіштері сатылатын орында есірткі саудаланып келген

Күдікті бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында азық-түлік дәмдеуіштері сатылатын орында есірткі саудаланып келген
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында азық-түлік дәмдеуіштері сатылатын орында есірткі саудаланып келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәрді сатудың атын жамылып, оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Тағы бір жағдайда, Павлодар облысының Железин ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ауылды жерлердің бірінде жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана табылды.

Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашып, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған.

Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпады», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары