27.01.2025, 06:14
Жаңалықтар
Тұман, дауыл, көктайғақ: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды
Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту күшінде қалады
Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде көктайғақ, тұман және үсік болады. Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Өскеменде ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту күшінде қалады.
Алматы, Қонаев, Алматы облысында көктайғақ, жел күтіледі.
Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларында, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
