26.01.2025, 17:12
Жаңалықтар
Петропавлда ағаш қоймасында ірі өрт болды
Өрт аумағы 252 шаршы метрді құрайды
Фото: ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысында ағаш материалдарын сатумен айналысатын кәсіпорын аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Петропавл қаласындағы кәсіпорын аумағында шыққан.
«Кәсіпорын аумағында орналасқан жеке гаражда өрт шығып, ішінде екі жүк көлігі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 252 шаршы метрді құрайды», – делінген ТЖМ мәлімдемесінде.
ТЖМ өкілдерінің айтуынша, өртті сөндіру кезінде ағаш материалдарының жоғары жанғыштығы қиындық тудырған. Бұл өрттің тез таралу қаупін арттырған.
Қазіргі мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
Бүгін, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
08.11.2026, 08:31
«Қымбат махаббат»: Астаналық әйелдің бұрынғы сүйіктісі телефонын ұрлап, 2,65 млн теңге несиеге батырып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды