26.01.2025, 16:21
Жаңалықтар
Астанада өрттен бес адам құтқарылды
Көпқабатты үйдің оныншы қабатындағы пәтерден өрт шыққан
Фото: © istockphoto.com
Астанада 26 қаңтар 2025 жылы Сембинов көшесіндегі көпқабатты үйдің оныншы қабатындағы пәтерден өрт шығып, бес адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт пәтердегі ұйықтайтын бөлмеден басталып, көрші бөлмелерге таралу қаупі болған. Жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері көрші пәтер арқылы баспалдақпен бес адамды, оның ішінде үш баланы, эвакуациялады.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өрттің көрші бөлмелерге таралуына жол бермей, оны тез арада оқшаулап, сөндірді», – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті