$ 516.13  538.01  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде алаяқ әйел Қытайдан тауар әкелемін деп 82 миллион теңге жинап алған

Ол жазасын үй жағдайында, белгілі бір шектеулермен өтейді

Ақтөбеде алаяқ әйел Қытайдан тауар әкелемін деп 82 миллион теңге жинап алған
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбеде Қытайдан арзан киім мен ыдыс-аяқ әкелемін деп, тұрғындардың сеніміне кірген әйел алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

«Сот деректеріне сәйкес, әйел WhatsApp мессенджерінде чат құрып, Қытайдан арзан бағамен тауарлар әкелетінін жариялаған. Тұрғындар оған алдын ала ақша аударғанымен, тауарларын ала алмаған. Осылайша, жалпы алғанда, 82 миллион теңге шығын келтірілген», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар алаяқ әйел танысының қызын колледжге грантқа түсіруге көмектесемін деп, одан 100 мың теңге алған, бірақ уәдесін орындамаған.

Сот отырысы барысында айыпталушы зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеген. Бұл факт оған бас бостандығынан айырылмауға мүмкіндік берді. Сот үкімімен әйел үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды. Ол жазасын үй жағдайында, белгілі бір шектеулермен өтейді.

Айта кетейік, сотталған әйелдің екі кішкентай баласы бар.

Серіктес жаңалықтары