26.01.2025, 10:10
Жаңалықтар
Елімізде тағы бірнеше жол учаскесі ақылы болуы мүмкін
Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда бірнеше автомобиль жолы учаскесін ақылы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Интернеттегі Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобаларына сәйкес, мына жол учаскелерін ақылы ету ұсынылып отыр:
- Балқаш – Бурылбайтал;
- Ақтау – Бейнеу;
- Қандыағаш – Мақат;
- Қостанай – Денисовка;
- Тараз қаласын айналып өтетін жол;
- Үшарал – Достық;
- Шу – Бурылбайтал.
Бұл жобалар Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған және 2025 жылдың 4 ақпанына дейін талқылауға қатысуға болады.
Министрлік өкілдері бұл өзгерістердің жолдардың сапасын жақсартуға және олардың тұрақты күтіміне бағытталғанын атап өтті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы