$ 516.77  542.87  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Блогер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

«Ұлтаралық алауыздықты өршіту» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Блогер Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
Фото: Instagram/danapartner_

Қазақстандық журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға 2025 жылғы 25 қаңтаркүні халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу басқармасы Орманбаеваға қатысты «ұлтаралық алауыздықты өршіту» фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Сот күдіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сондай-ақ оған халықаралық іздеу жарияланды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Өз кезегінде, Дана Орманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпаратқа пост арқылы жауап берді.

«Менің беделіме нұқсан, атыма кір келтіруді мақсат тұтқандар ерекше балам Исламбектің туған күніне орай дәл осындай «сый-сияпат» ұсынып отыр. Бүгін Исламбек 29 жасқа толды. Мені және менің отбасымды қаншама ай бойы «уын шашқан блогерлер» қалай кемсітіп, жерден алып, жерге салғандарына өздеріңіз куәсіздер.

Жалғыз айтарым – мен ешқан ұлтаралық араздықты тудырған емеспін. Оны менің орыс достарым мен әріптестерім жақсы біледі.

Жылдар бойы мен жұртты, балалар мен отбасыларды қорғап келемін, ол жақсылығыма жауап ретінде ештеңе сұраған емеспін. Енді ойдан шығарылған және жалған дүниелерге негізделген іс бойынша маған іздеу салынып отыр», - дейді Дана Орманбаева.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде Алматы тұрғыны әлеуметтік желідегі ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар жазбаға байланысты полицияға арыз түсірген. Осыған орай, құқық қорғау органдары Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Серіктес жаңалықтары