$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да еңбекке қабілетті адамдар саны азайып барады

2050 жылға қарай өңірде еңбекке қабілетті адамдар саны 33 пайызға азаюы мүмкін

СҚО-да еңбекке қабілетті адамдар саны азайып барады
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын халық саны орта есеппен 5 мың адамға  азайып барады. Болжам бойынша 2050 жылға қарай өңірде еңбекке қабілетті адамдар саны 33 пайызға азаюы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің қатысуымен Петропавл қаласында өткен жиында теріскейдегі демографиялық мәселелер  талқыланды. Өңірде туу көрсеткіші төмен, ал өлім-жітім статистикасы жоғары. Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік облыстардан жұмыс күші тапшы теріскейге мемлекеттік көш бағдарламасы күткен нәтиже бермей отыр, деді Мәулен Әшімбаев.

 «СҚО -  ауыл шаруашылығы, экспорт және өндіріс саласында ерекше орын алады. Осы бағыттарды әрі қарай қарқынды дамыту үшін қосымша еңбек ресурстарына сұраныс болатынын анық. Сол себепті өңірдің одан әрі дәйекті дамуы үшін бұл мәселеге де үлкен мән беруіміз керек», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.

Сонымен қатар, сенат төрағасы еңбек ұжымдары, мәслихат депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Ел Перзиеденті аймақтардың өркендеуіне серпін беретін өндіріс орындарын дамыту жөнінде тапсырма жүктеді. Сонымен қатар 2025 -  «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жарияланды. Басқосуда осы және басқа да мәселелер әңгіме арқауына айналды.

 

Серіктес жаңалықтары