$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сүйінші, сіз әке боласыз»: танымал блогер қуанышты хабарын жариялады (ВИДЕО)

Ол Астанада 3,5 сағат ота жасалғанын айтты

«Сүйінші, сіз әке боласыз»: танымал блогер қуанышты хабарын жариялады (ВИДЕО)
Фото: Instagram/eldos_kalabok

Танымал блогер Елдос Қадірханов бедеулік дертінен айыққанын айтып, қуанышты хабарымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде 13 жыл бұрын осы дертке шалдыққаны туралы айтылып, содан бері балалы болудың түрлі жолдарын қарастырғанын айтты.

«20 жасымда ұрпақ сүйе алмайсың деген диагноз қойылған. Қазір 33-ке келдім, 13 жыл өтіпті. Бүгінге дейін Түркияға да барып емделіп келдім. Instagram-да бізді шетелде қыдырып жүр деп ойласа, ол жақта ота жасатып жүреміз.

Астанада Қазақстандағы үздік үштікке кіретін дәрігерге бардым. 3,5 сағат ота жасады. Отадан кейін көзімді ашқанда осы кісі маған «Сүйінші, сіз өзіңіз әке боласыз, мүмкіндік бар деді». Содан бері өмірім өзгерді. Қазір әлеуметтік желіге де кіріп жүрген жоқпын. 13 жыл Instagram-мен алдандым, уақытымды өткізіп.

Бар арманым, жұбайым екеуіміз – ата-ана болу. Емізіп берсе болды, ары қарай өзім қараймын. Басқа ешнәрсе қызы емес», - дейді блогер Елдос Қадірханов.

Серіктес жаңалықтары