Теңіз кенішінен шығарылған жұмысшылардың жалақысы сақталады
18,5 мыңнан астам жұмысшы Теңіз кенішінен уақытша шығарылды
ТШО және өзге де мердігер мекемелердің қызметкерлерін Теңіз кен орнынан шығару жалғасуда. Бүгінге дейін қажеттігі аз 18,5 мыңнан астам жұмысшы Теңіз кенішінен уақытша шығарылды. Бұл туралы «Теңізшевройл» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.
«Төтенше жағдайға байланысты вахталық тәсілмен еңбек ететін қызметкерлердің коронавирусқа қатысты жұмысқа шыға алмағанына қарамастан, жалақылары толық сақталады. Ал, кен орнындағы вахталық мерзімі уақытынан асқан жұмысшылардың жалақысына 1,5 коэффициент қосылады, - деп атап өтті Рзабек Артығалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Рзабек Артығалиев «Теңізшевройл» басшылығы қызметкерлерін үйіне қалай қайтарып жатқаны жайлы айтқан еді.