$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада әйелін 7 жыл бойы ұрып-соғып келген ер адам небәрі 1 жылға сотталды

Былтыр Астанада отбасының шырқын бұзған 85 адам сотталды

Астанада әйелін 7 жыл бойы ұрып-соғып келген ер адам небәрі 1 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Астанада әйелін 7 жыл бойы ұрып-соғып келген ер адам небәрі 1 жылға сотталғаны белгілі болды. Жалпы елордада өткен жылы отбасының шырқын бұзған 85 адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, енді қинау үшін (ҚК 110-бабы) бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚК 108-1 бабы) және ұрып-соғу (ҚК 109-1 бабы) әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

«Өткен жылы осы санаттағы істер бойынша 85 отбасылық бұзақы сотталды. Мысалы, 7 жыл бойы әйеліне тән зардабы мен психикалық зардап шегуге ұшыратып, қинағаны үшін ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Басқа жағдайда, құқықбұзушы қорғау нұсқамасын және тыйым салуды елемей, таныс қызын 5 жылдан астам уақыт бойы қудалаған. Прокурормен оның жүйелі түрде жәбірленушінің үйіне келіп, жанжал шығарып, отбасын қорқытып, ұрып-соққаны жөнінде дәлелдер келтірілді.

Аталған әрекеттері үшін құқықбұзушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары