$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бетіне баспа»: танымал актриса екі баласы бар келіншекпен некелескен Жаһан Отарғалиевке ақыл айтты

Жаһан Отарғалиев осыған дейін некелескен жұбайының екі қызы бар екенін көрсеткен болатын

«Бетіне баспа»: танымал актриса екі баласы бар келіншекпен некелескен Жаһан Отарғалиевке ақыл айтты
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev/Видеодан скрин

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар жуырда ғана үшінші рет үйленген, бұл жолы баласы бар келішекпен некесін қиған Жаһан Отарғалиевке ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса Жаһан Отарғалиевтің Instagram парақшасындағы видеосының астына жазды.

«Міне енді, бұл аманатыңды ренжітпей, бағалап, ренжіскен кезде бетіне баспай, балаларына туған әкедей болу – ол үлкен жауапкершілік! Бақыт! Сабырлық! Сәттілік! Үлкен қадам! Досым, осы әйел адамды бақытты қылуға шамаң жететініне сенімдімін», - деп жазды Әсел Асқар.

Айта кетейік, Жаһан Отарғалиев осыған дейін некелескен жұбайының екі қызы бар екенін көрсеткен болатын.

Актер осымен үшінші мәрте үйленіп отыр. Соңғы рет ол 2023 жылдың жазында әнші әйелі Балжан Бидашпен ажырасқаны туралы ресми мәлімдеген болатын.

Ұлы мен келіні ажырасып кеткеннен кейін Жаһан Отарғалиевтің анасы ұлына баласы бар келіншекке үйлену туралы ақыл айтқаны осыған дейін хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары