Түрмедегілерден екі мың телефон тәркіленді

Автор: Мақсат Әсел

Түзету мекемелерінде байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынған

Фото: istockphoto.com

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының негізгі міндеттерінің бірі – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің тәртібін қадағалау. 2024 жылы әскери қызметкерлер түзету мекемесінің мамандарымен бірге тексеріс жүргізіп, екі мыңдай ұялы телефон тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұдан бөлек қызмет барысында  839 sim-карта, жалпы салмағы 2794,14 грамм есірткі заты және 253,7 литр құрамында спирті бар сусындар тәркіленген», – делінген хабарламада.