$ 516.77  542.87  5.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үйде отырғым келмейді»:  Қарағандыда зейнеткерлерге жұмыс тауып беретін орталық пайда болды

Биыл 400 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр

«Үйде отырғым келмейді»:  Қарағандыда зейнеткерлерге жұмыс тауып беретін орталық пайда болды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Жыл басында Қарағанды облысында «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылған. Бағдарлама облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Оның ерекшелігі – зейнеткерді қабылдаған жұмыс берушілерге оның жалақысының жартысы субсидияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі life09.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқылардың бірі болып зейнеткер мұғалімдерді жекеменшік білім беру орталықтары қабылдады.

«Үйде отырғым келмейді, көмегім тигенін қалаймын. Инстаграмнан осындай бағдарлама туралы хабарламаны көріп, байқап көруге шешім қабылдадым. Мансап орталығына бардым. 8 қаңтардан бастап осында, даму орталығында жұмыс істеймін. Балалармен айналысамын, олардың мектепке дайындалуына көмектесемін. Бәрі ұнайды: сүйікті жұмысым, орталық үйдің жанында – жаяу келемін», – дейді 44 жыл ауылдық мектепте бастауыш сынып мұғалімі болған, сегіз жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан Дәрия Нұрекина.

Биыл «Алтын жас» бағдарламасы бойынша 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, ал келесі жылдары олардың саны артатын болады.

«Қарағанды облысында 180 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысуға 146 жұмыс беруші ниет білдірді. Жұмысқа 96 адам жіберілді. Негізінен олар бастауыш сынып мұғалімдері, бухгалтерлер, менеджерлер, күзетшілер. Мамандықтар бойынша ешқандай шектеу жоқ, түрлі мамандықтар бойынша жұмыс тауып береміз», – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов.

 

Серіктес жаңалықтары