22.01.2025, 09:59
Жаңалықтар
Семейде аязды түні жол апатынан бір адам қаза болды
Ол қарсы бетке шығып кетіп, газель көлігімен соқтығысты
Фото: Абай облысы ПД
Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. 39 жастағы ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Hyundai Accent көлігінің 39 жастағы жүргізушісі Қалбатау ауылынан Семейге қарай кетіп бара жатқан. Ол алдындағы көлікті басып озбақ болғанда қарсы келе жатқан Газельді көрмей, бетпе-бет соқтығысты.
Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші жүргізушінің жағдайы белгісіз.
Абай аудандық полициясы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)