21.01.2025, 14:56
Жаңалықтар
Шығыста ескерту жарияланып, байланыс үзілді
«ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қаңтардың 21-і таңнан бері қалың жауған қар мен боран салдарынан Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды. Оның екі аймағындағы тас жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, 21 қаңтар күні сағат 12:20-дан бастап шектеу Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында енгізілген.
ШҚО-да бір участок жабық:
- Абай ауданының шекарасынан Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы тас жолы бойынша Ұлан ауылына дейін.
Абай ауданында екі участок жабылды:
- Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының Қытай Халық Республикасының шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы бағыты;
- Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін, Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы тасжолы.
Жолдар 21 қаңтар күні кешкі сағат 21:00-де ашылады деп күтіліп отыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
