$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда қаржы пирамидасын құрған күдіктілердің ісі сотта қарала бастады

36 жәбірленуші тіркелген

Қостанайда қаржы пирамидасын құрған күдіктілердің ісі сотта қарала бастады
Фото: istockphoto.com

Қостанайда  қаржы пирамидасын құрып, басқарған күдіктіге қатысты іс сотта қарала бастады. 60 жастағы Людмила Трофимова кінәсін мойындамай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Қостанай қалалық №2 сотында қаралып жатыр. Бірнеше күн бұрын сол сотта Даметкен Қабашеваға қатысты үкімі жарияланған болатын. Ол аталған қаржы пирамидасының «Finiko» бөлімшесін басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.  Қабашева  12 жәбірленушіден 42 миллион теңге жинаған.

Трофимова салымшыларды қабылдаған «Finiko» компаниясының кеңсесі Қостанайдағы қонақ үйлердің бірінде орналасқан. Дәл сол жерде жәбірленушілер қолма-қол ақшасын күдіктінің қолына ұстатқан.

Людмила Трофимованың ісі бойынша 36 жәбірленуші тіркелген. Мемлекеттік айыптаушы Жомарт Елеусінов сотталушының 2019-2021 жылдар аралығында 162 миллион 731 мың теңге жинағанын алға тартып отыр. Оның аз ғана бөлігі салымшыларға бонус ретінде аударылған.

 

Серіктес жаңалықтары