$ 529.99  546.63  5.21
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да апатты деп танылған екі  көпір тексерілуде

Бұл мақсатқа 50 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді

СҚО-да апатты деп танылған екі  көпір тексерілуде
Фото: Azattyq Rýhy

Солтүстік Қазақстан облысында апатты деп танылған екі ірі көпірді тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 50 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың бірі Шал ақын ауданындағы Сергеев су қоймасының,  екіншісі Петропавл қаласындағы гидротораптың үстінде орналасқан. Қос нысан да 4 жыл бұрын апатты деп танылған болатын. Мамандар әсіресе жүк көліктері өткелге айтарлықтай салмақ түсіріп, зақым келтіріп жатқанын айтады. Сондықтан олардың қатынауына шектеу қойылмақ. Мәселен Сергеевка қаласындағы өткел арқылы күніне 300-ге жуық жүк көлігі жүреді. Нысанның салынғанына 55 жыл болған. Тозығы жеткен плиталар жарыла бастаған. Жауапты мекме өкілдері тексеріс нәтижесі келер жылы белгілі болатынын жеткізді.

 «Сергеевка қаласындағы көпірде 200-дей элемент бар.  Соның барлығы тексеріліп, бөлшектер қайтадан пайдалануға қаншалықты жарайтындығы анықталады. Жобалық-сметалық құжаттар дайындалуы керек, Сол кезде нақты қандай жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі болады», - деді «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#көпір