19.01.2025, 07:50
Жаңалықтар
Шымкентте ерекше ота жасалды
Науқас ауруынан айығып, үйіне кетті
Фото: istockphoto.com
Қазақстандағы үшінші мегаполисте алғаш рет кеңірдектің циркулярлы резекциясы отасы жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада қатерлі ісікке шалдыққан 72 жастағы тұрғынға ота жасалды. III дәрежелі кеңірдек стенозы, ауыр дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі диагнозымен түскен науқасқа шұғыл түрде дәрігерлердің көмегі қажет болды.
Шетелдерде біліктілік арттырған онкохирургтар Самат Исмаилов пен Талап Ақпанбетов, кардиохирург Нұрғиса Пернебаев, анестезиологтар Данияр Жайын, Бахтияр Абетаев күрделі отаны сәтті жүзеге асырды. Кеуде қуысын ашып, кеңірдектің зақымданған бөлігін алып тастап, жоғары тыныс алу жолдарын қалпына келтірді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды