Шымкент пен Түркістан облысында коронавирус жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ
Қазақстанда 24 мамырда 209 адамнан COVID-19 вирусы анықталды
Өткен тәулікте Шымкент пен Түркістан облысында және Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру жағдайы мүлдем тіркелген жоқ деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Есесіне Жамбыл облысындағы өсім көрсеткіші 12,7 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан (7,3%) мен Шығыс Қазақстан (6,5%) облыстарында айтарлықтай өсім байқалады.
Жалпы, өткен тәулікте Қазақстанда 209 адамнан КВИ анықталса, 138 адам емделіп шыққан. Ал, жалпы COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 8531 адамға жетіп отыр. 35 адам осы дерттен қайтыс болған.
Еске салайық, кеше Шымкенттің бас санитар дәрігері қалада вирус таралуын тоқтату мақсатында карантин режимі 8 маусымға дейін созылатынын мәлімдеген болатын.