Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 209 адам коронавирус жұқтырды
138 адам емделіп шықты
Елімізде өткен тәулікте тағы 209 адамнан COVID-19 вирусы анықталып, өсім 2,5%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Инфекцияны жұқтырғандардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтанда және Қарағанды мен Жамбыл облысының тұрғындары. Оның ішінде:
Алматы қаласында – 37 (1,7 %)
Қарағанды облысында – 33 ( 5,9%)
Жамбыл облысында – 33 (12,7 %)
Нұр-Сұлтан қаласында – 32 (2,0%)
Батыс-Қазақстан облысында – 28 (7,3%)
Атырау облысында – 12 (1,4%)
Павлодар облысында – 10 (5,6%)
Ақтөбе облысында – 6 (2,2%)
Қызылорда облысында – 6 (2,1%)
Алматы облысында – 4 (1,4%)
Шығыс-Қазақстан облысында – 4 (6,5%)
Қостанай облысында – 2 (1,7%)
Ақмола облысында – 1 (0,7%)
Маңғыстау облысында – 1 (0,6%) адам.
Сондай-ақ, бір тәулікте 138 адам емделіп шыққан. Жалпы, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8531-ге жетсе, 4352 науқас емделіп шықты, 35-і қайтыс болған.