Астана тұрғындары бір жылда 17 млн теңгенің затын бүлдірді
Биыл жыл басынан бері 10 бұзақы жазаланды
Астанада былтыр жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам вандализм оқиғасы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылы жыл басынан 393 мың 200 теңгені құрайтын 10 факті тіркелді.
Бұзақылық жасағаны үшін 337 азамат жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды.
«Барлық құқық бұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген әкімдік хабарламасында.