$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін жүргізушісін ұрып кеткен

Қарағандыда полицейлер такси жүргізушісін алдаған төрт жолаушыны ұстады

Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін жүргізушісін ұрып кеткен
Фото: depositphotos.com

Астанадан Қарағандыға барған төрт адам такси құнын төлемес үшін діттеген жеріне жеткен соң жүргізушісін соққыға жығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел басқару орталығына қаладағы тұрғын аудандардың бірінде ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жетті.

39 жастағы жәбірленуші – елорда тұрғынының айтуынша, төрт ер адамды Қарағандыға жеткізген. Жол бойы жолаушылар өздерін сабырлы ұстаған. Алайда діттеген жеріне жеткен олар ақша төлеудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап ұрып-соғып жақын маңда жасырынуға тырысқан.

«Сипаттаманы басшылыққа алған патрульдік полиция қызметкерлері көп ұзамай қашқындарды қылмыс болған жердің жанынан тапты. Ер адамдар уақытты күтуге тырысып моншаны паналаған. 34-37 жас аралығындағы күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу оларды осы қылмысты жасауға итермелеген себептерді анықтау керек», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары