17.01.2025, 11:43
Жаңалықтар
Беларусьтегі президент сайлауы: Қазақстаннан баратын байқаушылардың аты-жөні аталды
Беларусь президентінің сайлауы 26 қаңтарда өтеді
Фото: istockphoto.com
Орталық сайлау комиссиясы Беларусьтегі президент сайлауына Қазақстаннан жіберілетін байқаушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Беларусь президентінің сайлауы 26 қаңтарда өтеді. Үміткерлер қатарында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко, Либералдық-демократиялық партияның жетекшісі Олег Гайдукевич, коммунист Сергей Сыранков, Республикалық Еңбек және әділет партиясының жетекшісі Александр Хижняк пен Анна Канопацкая бар.
Қазақстан сайлауға жеті байқаушы жібереді, олар:
- Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы;
- Аманәли Әсем Нұржанқызы;
- Бабашев Марлен Ерболұлы;
- Жүсіпов Нұрлыбек Мейірханұлы;
- Ерғалиева Әйгерім Амангелдіқызы;
- Қабиева Дәмегүл Нәбиқызы;
- Шақанов Самат Қазбекұлы.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы