$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде шыршадан құлаған мұғалімге өтемақы қалай төленетіні белгілі болды

Мұғалім директордың бұйрығымен шырша сәндеуге жіберілген

Семейде шыршадан құлаған мұғалімге өтемақы қалай төленетіні белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Семейде еңбек инспекциясы жаңа жылдық шыршадан құлап кеткен мұғалімнің оқиғасына қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Семей» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия жазатайым оқиға жұмыс берушісі – мектеп директорының бұйрығымен болғанын анықтады. Ал енді заңға сәйкес жәбірленушіге келтірілген шығынды өзі өтеуге міндетті.

«Жұмыс беруші 100% кінәлі, Қуат Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Сондықтан комиссия осындай шешім қабылдады. Қазіргі уақытта мұғалімге жалақысы төленіп жатыр. Егер ол ақылы негізде емделсе, кеткен барлық шығынды өтейді», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің бөлім басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.

Қазіргі уақытта іс қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша одан әрі шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Мұғалім үйде ем қабылдауын жалғастыруда, оның жазылуына көп уақыт керек.

«Хаттама жасалып, барлық тиісті құжат толтырылды. Қазір материалдар құқық қорғау органдарына жіберіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес, еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жұмыс беруші жауапты болады», — деді Тоқтарбек Түсіпбаев.

Еске салайық, оқиға жаңа жыл алдында Семейде болған. Қалалық шыршаны безендіру кезінде ұстаздардың бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Тергеу нәтижесінде мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланып, қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары