$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазір бұрынғыдан да бақыттымын»: Балжан Бидаш экс-күйеуі үйленгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты

Жаһан Отарғалиев кеше Астанадағы Бас мешітте некесін қиғаны туралы видео жариялады

«Қазір бұрынғыдан да бақыттымын»: Балжан Бидаш экс-күйеуі үйленгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты
Фото: Instagram/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жаһан Отарғалиев үйленгеннен кейінгі өзінің жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаһан Отарғалиев кеше Астанадағы Бас мешітте некесін қиғаны туралы видео жариялаған болатын.

«Бақытты бол деп жазып жатыр. Негізі қазір бұрынғыдан да бақыттымын.

Әй, өсек жібермейсіңдер, иә?! Маған бірден Stories-ін жіберіп жатырсыздар, жақсы көремін», - деп жазды Балжан Бидаш Instagram Stories-те.

Айта кетейік, Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді. Актердің бұл жолғы қалыңдығы кім екені әзірге белгісіз. Видеода қалыңдығының бет-әлпеті бүркемеленген.

Экс-күйеуінің үйленуіне қатысты әнші Балжан Бидаш Балиде демалып жүрген жерінен ойын айтты.

Серіктес жаңалықтары