16.01.2025, 06:10
Жаңалықтар
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер болжамы белгілі болды
Фото: depositphotos.com
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордада және Павлодар облысында бұрқасын, жел күтіледі.
Ақтөбе, Абай облыстарында бұрқасын болады.
Атырау облысында көктайғақ орнап, тұман түсуі, бұрқасын болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстарында қатты жел болуы мүмкін.
Түркістан, Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысында тұман түседі.
Қостанай облысында көктайғақ болады.
Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман күтіледі.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады