15.01.2025, 15:32
Жаңалықтар
Алматы облысында танк аударылып, полиция көлігін соғып кетті (ФОТО)
Оқиға Заречный ауылы маңында болды
Фото: «ҚазАвтоЖол»
Алматы-Өскемен автожолында әскери техника тиеп келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі оқыс жағдайда тап болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 15 қаңтар күні сағат 13:40 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында болған.

«Цзефан» автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды.
Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан «Ssang Yong Actyon» автокөлігімен соқтығысты.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды