Қалың тұман кезінде жылдамдықты сақтамаған: Алматы облысында 18 көлік соқтығысып қалды
Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған
«Алматы-Өскемен» автожолының учаскесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы шұғыл ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырым учаскесінде («Алматы-Қонаев» бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы бллды. Апат қалың тұман кезінде болды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға болды.
Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Қонаев-Алматы тасжолында ірі жол апаты болғаны хабарланған болатын.