$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жасөспірім мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған: сот оның анасын жазаға тартты

Ақша бопсалаған бала небәрі 13 жаста екені анықталды

Жасөспірім мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған: сот оның анасын жазаға тартты
Фото: istockphoto.com

Мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған кәмелетке толмаған ұлының ісі үшін анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, 13 жастағы жасөспірім мектеп оқушыларынан ақша талап етіп, ұрып-соғатынын айтып қорқытқан. Бұл жағдай Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот отырысында жасөспірім өз кінәсін мойындап, жазаны неғұрлым жеңілдетуді сұрады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша (12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер жасаған заңсыз істің жазасын ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар тартады.

Бұл жағдайда жасөспірімнің анасына 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары