14.01.2025, 00:26
Жаңалықтар
Ақтөбеде қыз баланы кепілдікте ұстап отыр: полиция түсініктеме берді (ВИДЕО)
Оқиға орнында арнайы қызмет топтары келіссөз жүргізіп жатыр
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Мәскеу ауданындағы 1905 көшесінде белгісіз біреу адамдарды қорада кепілдікте ұстап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде полиция мен арнайы қызметтің видеосы жарияланды. Ақпаратқа Ақтөбе облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
102 пультіне белгісіз біреудің жеке үйге басып кіріп, қыз баланы кепілге алғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, аумақ қоршауға алынды. Полиция департаментінің басшысы мен қала прокуроры оқиға орнында, келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция.
Айта кетейік, осыған дейін оқиға орнына жедел әрекет ету күштері жіберілгені хабарланған болатын.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды