Полицей өлімі: Алматыдағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы жарияланды
Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады

Алматыда полицей өлімімен аяқталған қанды оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады.
«Сұмдық қой. Алматы ең қауіпті қалаға айналды. Апта сайын жан шошытарлық өлім көбейді. Басы жоқ әйел сөмкеде, спортшыны атып кетті, міне бүгін полицияның өзін пышақтап өлтірді.
Күдікті алдымен кафедегі қызға тиіскен, полицей соған араша түсіпті. Санаулы минуттан соң өзі өмірмен қоштасатынын білмеді-ау.
Ең сұмдығы пышақтап өлтірген – Өзбекстан азаматы. Сонда, бұл қалада шет елдіктер еркін пышақпен жүреді, өз азаматтарымыз ажал құшады. Бұл қалай болғаны?
Тексере келе, меніңше күдіктінің визасы да дұрыс емес болса таң қалмаймын», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Айта кетейік, осыған дейін шетел азаматы Алматыда полицейді өлтіріп кеткені хабарланған болатын.