12.01.2025, 08:58
Жаңалықтар
ШҚО-да ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды
Тасжолдар қашан ашылатыны да хабарланды
Фото: istockphoto.com
Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Компания мәліметінше, 2025 жылғы 12 қаңтарда сағат 09:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің профилактикалық түсуіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман кілттері» 46-66 ш, Северное ауылының учаскесі - Серебрянск қаласы аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулері енгізіледі.
«2025 жылғы 12 қантар сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
