$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан дәрігер балалар ауруханасында жұмыс істеген

Ол оқуын бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасқан

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан дәрігер балалар ауруханасында жұмыс істеген
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 21 жастағы медбике 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін жансақтау бөлімінде жұмыс істеген. Мамыр айынан бастап ол қыркүйекке дейін жалғасқан жіті респираторлық инфекциялар, жіті респираторлық вирустық инфекциялар және пневмония диагнозымен бірнеше рет еңбек демалысына шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде осы дерттің ашық түрімен ауыратын медбике жұмыс істеген көпсалалы балалар ауруханасында балалардың жаппай жұқтыруы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады.

«Қазіргі уақытта онымен қарым-қатынаста болған 55 әріптесі диаскин-тесттен және флюорографиядан өтті, нәтижелері қалыпты, ешкімде ешнәрсе анықталған жоқ. 700-ге жуығы тексеруден өтеді, біздің эпидемиологтар барлық ата-ананы шақырып жатыр», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, бойжеткен медициналық колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасқан.

«Дәрігер жалған медициналық анықтама жасады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз барлық медициналық картаны, медициналық кітапшаларды және денсаулық кітаптарын өте мұқият тексереміз. Ол ауруханаға келушілерден жұқтыруы мүмкін. Одан ешкім сақтандырылмаған», - делінген хабарламада.

Жағдай қазір бақылауда.

Серіктес жаңалықтары