10.01.2025, 20:01
Жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апаттың салдарымен күрес жалғасуда
Екінші күн қатарынан төгілген бензин тазаланып жатыр
Фото: https://www.anpz.kz
Апат қаңтардың 9-ы күні кешке орын алған. Төгілген бензинді сору үшін арнайы сорғылар пайдаланылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Апат орнына облыстық ТЖД мамандары барған. Мұнай өңдеу зауытының өзі апат туралы ақпарат таратқан жоқ. Алайда облыстық экология департаменті болған жайтқа қатысты тексеріс жүргізетіндерін айтты.
«Біз «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-да болған апаттан құлағдармыз. Қазір Кәсіпкерлік кодексіне сай экология департаменті тексеріс тағайындау үшін жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Бүгін, яғни қаңтардың 10-ы Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры Ғалымжан Жусанбаевтың еңбек шарты аяқталатынын айта кеткен жөн.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды