09.01.2025, 16:53
Жаңалықтар
Астанада қару асынған бозбала жұртты шошытты
Оқиға Мұхамеджанов көшесінде болды
Фото: Polisia.kz
Астанада көшеде ойыншық қару асынып жүрген жасөспірім жұртты шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция мәліметінше, 9 қаңтар күні Астанада полиция қызметкерлері Мұхамеджанов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр деген хабарламадан кейін оқиға орнына жылдам жетіп, жасөспірімді ұстады.
«Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шықты.
Жасөспірім жоспарланған ойын болмайтынын білгеннен кейін үйіне қайтып бара жатқанын айтты.
Полицияға жасөспірімнің заңды өкілдері шақырылды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп жазды Polisia.kz.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
