Қарағандыда өрттен 2 және 4 жастағы екі бала көз жұмды: тағы екі бала ауруханада жатыр
Олардан бөлек 61 жастағы әйел адам ауруханаға жатқызылды
Қарағанды қаласының Пришахтинская көшесінде бүгін түнде тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, екі пәтерлі тұрғын үйдің пәтері шатыры, жабыны және тұрмыстық заттар өртенген. ТЖМ күштерімен өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
«Төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала өздігінен шығып, балалар клиникалық ауруханасына көмірқышқыл газымен улану диагнозымен жеткізілді.
Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 1964 жылғы әйелді құтқарып, Мақажанов атындағы клиникаға көмірқышқыл газымен улану және күйіктермен жеткізілді. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылғы екі баланың денелерін тапты.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды», - делінген Қарағанды қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.