$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда көлігін қыздырмақ болған әйел адамға ірі көлемде айыппұл салынды

Оқиға былтыр қыркүйек айында болған

Павлодарда көлігін қыздырмақ болған әйел адамға ірі көлемде айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда сот үйдің кіреберіс есігін көлігімен соғып, қашып кеткен әйел адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында болған.

«Павлодар қаласы Қамзин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында түнде көлік жүргізген азаматша А. қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, үйдің кіреберіс есігін соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған», - деп хабарлады қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол көлікті жылытқысы келіп, оталдырғанын, сол мезетте ол жүріп кеткенін және үйдің алдыңғы есігіне соқтығысқанын, артынша оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты. Ол істеген ісіне өкінді. Оның жүргізуші куәлігі жоқ екені және ешқашан болмағаны анықталды.

Сот азамат А.-ны ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 258 440 теңге айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары