Былтыр Қазақстанда құны 36 млрд теңгеден асатын ондаған тонна есірткі тәркіленді
Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі шаралар айтылды
Былтыр ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл аясында 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.
«Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.
«Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды.
Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда», - делінген ҰҚК хабарламасында.