08.01.2025, 23:10
Жаңалықтар
«Абай болыңыздар!»: Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу жүріп жатыр
99116 әскери бөлімнің «Бейнеу» полигонының аумағына кіруге тыйым салынды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Жоспарлы оқу-жаттығу жиыны 2024 жылдың 1 желтоқсанында басталған, 2025 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаттығу барысында әскери техникалар мен қарудан оқ атылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар абай болғандары жөн. Нақтырақ мына қауіпсіздік талаптарын қаперден шығармағаны абзал:
- полигон аумағына тұрғындардың кіруі шектеледі;
- полигон аумағында мал жаюға тыйым салынады;
- полигон аумағынан құрал-жабдықтарды, металл қалдықтарын және басқа да заттарды алуға (ұрлауға) тыйым салынады.
«Егер бұл талаптар бұзылған жағдайда, яғни «Бейнеу »полигонының аумағында абайсызда адамдарға оқ тисе немесе мал өлсе 99116 әскери бөлімінің басшылығы жауап бермейді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қауіпсіздік талабын бұзғандарды әскери бөлім қызметкерлері ұстап, Бейнеу аудандық полиция бөліміне тапсырады.
Көп оқылған
30.04.2026, 09:37
Шетелден көлік жеткіземін: Қазақстан азаматы бірнеше адамның ақшасын алып, Ресейге қашып кеткен
30.04.2026, 15:36
«Моңғолиядан Арқалыққа келіп оқып жүрген қыз еді»: шетелдіктер асырап алған Жәнібек Савелиевке қатысты тың ақпарат шықты (ВИДЕО)
30.04.2026, 12:43
Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің есі дұрыс болып шықты – ІІМ